Ара дискісін алмастыру (m1−m4 суреттерін қараңыз)
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
- Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Жарақат алу қаупі бар.
- Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған аралау дискілерін пайдаланыңыз.
- Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр құралында берілген деректерге сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
- Осы электр құралының өндірушісі ұсынған және өңдегіңіз келетін материал үшін жарамды ара дискілерін ғана пайдаланыңыз. Осылайша ара тістері ұштарының қатты қызуына және өңделетін пластмассаның балқуына жол бермейсіз.
- Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау дискілері оңай сынуы мүмкін.
- Қос иінді (20) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісі (33) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз.
- Қыспа иінтіректі (49) ашып, қорғаныш қаптаманы (6) сынадағы (7) ойықтан шығарыңыз.
- Үстел ендірмесін (32) бұрауыштың көмегімен алға көтеріп, оны аспап саңылауынан шығарып алыңыз.
- Қысқыш гайканы (59) шеңберлік кілтпен (15) бұрап, бір уақытта шпиндельді бекіту иінтірегін (60) тірелгенше тартыңыз.
- Шпиндельді бекіту иінтірегін тартып тұрып, қысқыш гайканы сағат тілінің бағытына қарсы бұрап шығарыңыз.
- Қысқыш фланецті (61) алып тастаңыз.
- Ара дискісін (33) алып тастаңыз.
Қажет болса, барлық монтаждалатын бөліктерді орнатпас бұрын тазалаңыз.
- Жаңа ара дискісін аспап шпинделінің (63) қысқыш фланеціне (62) орнатыңыз.
Нұсқау: тым кіші ара дискілерін пайдаланбаңыз. Ара дискісі мен сына арасындағы радиалды бос қуыс ең көбі 3 − 8 мм құрауы қажет.
- Орнату кезінде тістердің кесу бағыты (ара дискісіндегі көрсеткі бағыты) сынаның көрсеткі бағытына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз!
- Қысқыш фланецті (61) және қысқыш гайканы (59) орнатыңыз.
- Қысқыш гайканы (59) шеңберлік кілтпен (15) бұрап, бір уақытта шпиндельді бекіту иінтірегін (60) тірелгенше тартыңыз.
- Қысқыш гайканы сағат тілінің бағытымен мықтап тартыңыз.
- Үстел ендірмесін (32) қайтадан орнатыңыз.
- Қорғаныш қаптаманы (6) қайтадан монтаждаңыз.