Сынаны реттеу
Сына (7) ара дискісінің (33) кесікте қысылуына жол бермейді. Кері жағдайда ара дискісінің дайындамаға ілініп, кері соққы қаупі пайда болады.
Сондықтан сынаның дұрыс реттелгеніне көз жеткізіңіз:
- Ара дискісі мен сына арасындағы радиалды бос қуыс ең көбі 3 − 8 мм құрауы қажет.
- Сына қалындығы кесік енінен кіші және орта диск қалындығынан үлкен болуы керек.
- Сына әрдайым ара дискісімен бір сызықта болуы керек.
- Қалыпты кесіктер үшін сынаны әрдайым ең жоғары күйде ұстау керек.
Сынаның биіктігін реттеу (H суретін қараңыз)
Ойықтарды аралау үшін сынаның биіктігін реттеу керек.
- Ою немесе тесу кезінде электр құралын тек тиісті қорғаныш аспаппен (мысалы, туннельдік қаптама, тартқыш тарақ) бірге пайдаланыңыз.
- Қыспа иінтіректі (49) ашып, қорғаныш қаптаманы (6) сынадағы (7) ойықтан шығарыңыз.
Қорғаныш қаптаманы зақымдалудан қорғау үшін оны корпустағы арнайы ұстағышта (22) сақтаңыз (R1 суретін де қараңыз). - Қос иінді (20) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісі (33) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз.
- Қыспа иінтіректі (46) босатыңыз.
- Сынаны штифттерден (47) тартып (қыспа иінтіректі (46) сәл сыртқа тартыңыз), сынаны (7) төмен қарай тірелгенше жылжытыңыз.
- Екі штифтті (47) сынаның жоғарғы саңылауларына тіркеп, қыспа иінтіректі (46) қайтадан бекітіңіз.