Шаң жинағыш қорапты босату (F1−F4 суреттерін қараңыз)
Нұсқау: шаң жинағыш қорапқа техникалық қызмет көрсеткен және оны тазалаған кезде шаңнан қорғайтын масканы киіп жүріңіз.
Оңтайлы сору күшін сақтау үшін шаң жинағыш қорапты (13) жүйелі түрде және жұмыстарды аяқтағаннан кейін босатып тұрыңыз. Көру әйнегінің (7) көмегімен шаң жинағыш қораптың толтыру деңгейін бақылауға болады.
- Электр құралын сорғыш құрылғымен көлденеңінен ұстап, электр құралын бірнеше секундқа қосыңыз.
Осылайша шаң қалдықтары сору каналынан шаң жинағыш қорапқа (13) сорылады. - Сол жақ және оң жақ құлыптан босату түймесін (5) басып, шаң жинағыш қорапты (13) сорғыш құрылғыдан шығарыңыз.
- Қажет болса, HEPA сүзгісін (14) шаң жинағыш қораптан шығарып, оны жақсылап қағыңыз немесе сүзгі қабаттарын жұмсақ қылшақпен сүртіп шығыңыз.
Нұсқау: HEPA сүзгісін сумен немесе оны сығылған ауамен үрлеу арқылы тазаламаңыз. - Шаң жинағыш қорапты (13) арнайы қоқыс ыдысына сілкіңіз.
- HEPA сүзгісін (14) тазалағаннан кейін, шаң жинағыш қорапқа (13) қайта салыңыз. Содан кейін шаң жинағыш қорапты сорғыш құрылғыға құлыптан босату түймелері (5) сырт етіп енгізілгенше бұрыңыз.