Пайдалану бойынша нұсқаулар
- Сорғыш құрылғыны ешқашан сүзгісіз пайдаланбаңыз. Сорғыш құрылғы сүзгісіз пайдаланылған жағдайда, бұрғылау шаңының үлкен бөліктері пайдаланушыға қарай лақтырылуы және электр құралына зақым келтіруі мүмкін.
- Тек зақымдалмаған сүзгіні (сызатсыз, тесіксіз және т.б.) пайдаланыңыз. Зақымдалған сүзгіні дереу алмастырыңыз.
- Электр құралын ешқашан сорғыш құрылғысынан ұстап тасымаңыз.
- Сорғыш құрылғы қондырылған электр құралын жұмыс барысында сорғыш құрылғыдан емес, әрдайым электр құралының тұтқасы мен қосымша тұтқасынан ұстап тұрыңыз.
Нұсқау: бағыттауыш (2) серіппемен керілген. Бұрғы ұзындығын реттеу түймесін (3) басқан кезде, бағыттауыш алға секіруі мүмкін.
- Электр құралын жұмыс барысында екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді түрде басқарылады.
Жарық диодты жұмыс шамы
Жарық диоды (4) перфоратор ажыратқышы жартылай немесе толық басылғанда жанып, жағымсыз жарықтық жағдайларында жұмыс орнын жарықтандыруға мүмкіндік береді.
GBH 185-LI құрылғысымен бірге мақсаты бойынша пайдалану үшін сыйымдылығы > 3,0 А-сағ аккумулятор пайдаланылуы керек. Аккумулятор сыйымдылығы азырақ болса, жарық диоды (4) жыпылықтайды.