Тік еңіс бұрышын реттеу
Тік еңіс бұрышын 45° (сол жақ) және 45° (оң жақ) аралығындағы диапазонда реттеуге болады.
Жиі қолданылатын тік еңіс бұрыштарын жылдам әрі дәлме-дәл реттеу үшін 0°, 22,5°, 33,9° және 45° бұрыштарына арналған тіректер қолданылады.
- Сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (19) алып тастаңыз.
- Сол жақ тіректі (41), 45° стандартты тік еңіс бұрышы көрсеткі белгісіне тірелгенше бұраңыз.
Осылайша толық сол жақ қайыру аймағы қолжетімді болады. - Бұғаттау түймесін (13) жоғары қарай тартыңыз.
- Манипуляторды тұтқасынан (5) ұстап, бұрыш индикаторында қажетті тік еңіс бұрышы көрсетілгенше қайырыңыз.
- Манипуляторды осы күйде ұстап тұрып, бұғаттау түймесін (13) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
- Оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (19) алып тастаңыз.
- Оң жақ тіректі (41), 45° стандартты тік еңіс бұрышы көрсеткі белгісіне тірелгенше бұраңыз.
Осылайша толық оң жақ қайыру аймағы қолжетімді болады. - Бұғаттау түймесін (13) жоғары қарай тартыңыз.
- Реттегіш тұтқаны (21) сәл солға қарай бұраңыз және манипуляторды тұтқасынан (5) ұстай отырып, бұрыш индикаторында қажетті тік еңіс бұрышы көрсетілгенше, оңға қайырыңыз.
- Манипуляторды осы күйде ұстап тұрып, бұғаттау түймесін (13) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
- Оң/сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (19) алып тастаңыз.
- Бұғаттау түймесін (13) жоғары қарай тартыңыз.
0° стандартты еңіс бұрышы:
- Реттегіш тұтқаны (21) сәл солға бұрап, манипуляторды, ол шерту дыбысымен 0° позицияға тірелгенше, оң жақтан 0° позиция үстінен қайырыңыз.
- Бұғаттау түймесін (13) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
45°, 33,9° және 22,5° стандартты еңіс бұрыштары:
- Сол немесе оң жақ тіректі (41), қажетті стандартты тік еңіс бұрышы көрсеткі белгісіне тірелгенше бұраңыз.
- Манипуляторды солға қарай тірелгенше қайырыңыз.
немесе
Реттегіш тұтқаны (21) сәл солға бұрап, манипуляторды тұтқасынан (5) оңға қарай тірелгенше қайырыңыз. - Бұғаттау түймесін (13) қайтадан төмен қарай итеріңіз.