Белгілер

Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.

Белгілер мен олардың мағынасы

Лазер сәулесі
Сәулеге тікелей қарамаңыз
2-класты тұтынушы лазер өнімі
EN 50689:2021

Электр құралы айналып тұрғанда, аралау аймағына қол сұқпаңыз. Ара дискісіне тию жарақаттану қаупін тудырады.

Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз.

Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.

Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін.

Қауіпті аймақ! Алақан, бармақ немесе қолды осы аймақтан мүмкіндігінше алшақ ұстаңыз.

Кез келген тік еңіс бұрышын реттеу үшін, манипулятор еркін жылжытылуы керек.

Бұғаттау түймесі жоғары тартылған:
Тік еңіс бұрыштарын реттеуге болады.

Бұғаттау түймесі төмен басылған:
Реттелген тік еңіс бұрышы сақталады.


Ара дискісінің өлшемдеріне назар аударыңыз. Саңылау диаметрі аспап шпинделіне бос қуыссыз сәйкес келуі тиіс. Егер жалғастырғыш тетікті пайдалану керек болса, жалғастырғыш тетік өлшемдері ара дискісінің қалыңдығына және саңылаулардың диаметріне және аспап шпинделінің диаметріне сәйкес болғанына көз жеткізіңіз. Ара дискісімен жеткізілген жалғастырғыш тетіктерді пайдаланыңыз.

Ара дискісінің диаметрі белгідегі дерекке сәйкес келуі тиіс.

Тік еңіс бұрыштарында аралау кезінде сол немесе оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы алып тастау керек.