Пайдалану нұсқаулары

Лазер сәулесі ара төсемінің кесік сызығын көрсетеді. Осылайша дайындаманы аралау үшін маятниктік қорғаныш қаптаманы ашпай нақты орналастыруға болады.

  • Ол үшін лазер сәулесін ауыстырып-қосқыш (36) арқылы қосыңыз.
  • Белгіңізді дайындамадағы лазер сызығының ортасына бағыттаңыз.

Нұсқау: аралау алдында кесік сызығы дұрыс көрсетілгенін тексеріп шығыңыз. Лазер сәулесі, мысалы, қарқынды пайдалану кезіндегі діріл себебінен ығысуы мүмкін.

Макс. дайындамалар саны:

Көлденең еңіс бұрышы

Тік еңіс бұрышы

Биіктігі x ені [мм]

90 x 310

45°

90 x 210

45° (сол жақ)

45 x 310

45°

45° (сол жақ)

45 x 210

45° (оң жақ)

35 x 310

45°

45° (оң жақ)

35 x 210

Минималды дайындамалар саны (= жинақтағы бұрандалы қысқыш (20) арқылы ара дискісінен сол немесе оң жақта қысуға болатын барлық дайындамалар): 130 x 50 мм (ұзындығы x ені)

Максималды кесік тереңдігі (0°/0°): 90 мм

Ұзындығы бірдей дайындамаларды оңай аралау үшін ұзындық шектегішін (26) пайдалануға болады.

  • Қысқыш бұранданы (57) босатып, ұзындық шектегішін (26) бағыттауыш шинада (58) қажетті дайындама ұзындығына жылжытыңыз.
  • Қысқыш бұранданы (57) қайтадан мықтап тартыңыз.

Ұзынырақ дайындамалар:

  • Қатпарлы бұранданы (59) босатып, бағыттауыш шинаны (58) тірелгенше сыртқа тартыңыз.
  • Қатпарлы бұранданы (59) қайтадан мықтап тартыңыз.
  • Ұзындық шектегішін (26) қажетті дайындама ұзындығына реттеп шығыңыз.

Ұзындық шектегішінсіз аралау:

  • Қысқыш бұранданы (57) босатып, ұзындық шектегішін (26) бағыттауыш шинада (58) толықтай сыртқа жылжытыңыз.
  • Ұзындық шектегішін, ол тіреуіш планкамен (18) нық жанасатындай, 90°-қа бұраңыз.
  • Қысқыш бұранданы (57) қайтадан мықтап тартыңыз.

Егер ойықты аралау керек болса тереңдік тіреуішін жылжыту керек.

  • Тереңдік тіреуішін (22) сыртқа қайырыңыз.
  • Манипуляторды қол тұтқасынан (5) керекті күйіне қисайтыңыз.
  • Дәлдеу бұрандасын (23) бұранда ұшы тереңдік тіреуішіне (22) тигенше бұраңыз.
  • Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.

Иінді немесе домалақ дайындамаларды аралау кезінде, оларды сырғанаудан қорғау қажет. Кесік сызығында дайындама, тіреуіш планка мен аралау үстелінің арасында бос орын пайда болмауы тиіс.

Қажет болса, арнайы ұстағыштарды дайындау қажет.

Ішпек (10) ұзақ уақыт пайдаланылғаннан кейін электр құралын тоздыруы мүмкін.

Ақаулы ішпекті алмастырыңыз.

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
  • Бұрандаларды (60) стандартты крест ойықты бұрауышпен бұрап шығарып, ескі ішпекті (10) алып тастаңыз.
  • Жаңа ішпекті енгізіп, бұрандаларды (60) қайтадан тартыңыз.