Аралау
- Аралау алдында бекіткіш тетікті (12) мықтап тартыңыз және бұғаттау түймесін (13) төмен қарай итеріңіз. Әйтпесе ара төсемі дайындамада қисаюы мүмкін.
- Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу планкасын, тіреуіш бұранда немесе басқа аспап бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. Мүмкін орнатылған көмек тіреуіштерін алыңыз немесе оларды лайықтаңыз.
Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз. Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Тек тиісті пайдалану үшін рұқсат етілген заттектерді пайдаланыңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым бағыттауыш панеліне басу үшін тура қырлы болуы керек.
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.
Маятниктік қорғаныш қаптаманың дұрыс жұмыс істеп, еркін жылжуын қамтамасыз етіңіз. Манипуляторды төмен қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ашылуы керек. Манипуляторды жоғары қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ара дискісінің үстінен қайта жабылып, манипулятордың ең жоғарғы күйінде бекітілуі керек.
- Тарту аспабымен (2) (кең дайындамаларды) кесу үшін тартылған бекіткіш бұранданы (1) босатыңыз.
- Қажет болса, қалаулы көлденең және/немесе тік еңіс бұрышын реттеп шығыңыз.
- Дайындаманы (18) және (19) тіреуіш планкаларына қарай басыңыз.
- Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
- Манипуляторды ара дискісі дайындама алдында тұрғанша тіреуіш планкаладан (18) ары тартыңыз.
- Электр құралын қосыңыз.
- Манипуляторды қол тұтқасымен (5) баяу төмен қарай бағыттаңыз.
- Енді манипуляторды (18) және (19) тіреуіш планкаларына қарай басып, дайындаманы бірқалыпты жүріспен аралаңыз.
- Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
- Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
- Жүріссіз кесіктер үшін (кіші дайындамалар) тартылған бекіткіш бұранданы (1) босатыңыз. Манипуляторды тіреуіш планкаға (18) қарай тірелгенше жылжытып, бекіткіш бұранданы (1) қайтадан тартып қойыңыз.
- Қажет болса, қалаулы көлденең және/немесе тік еңіс бұрышын реттеп шығыңыз.
- Дайындаманы (18) және (19) тіреуіш планкаларына қарай басыңыз.
- Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
- Электр құралын қосыңыз.
- Манипуляторды қол тұтқасымен (5) баяу төмен бағыттаңыз.
- Дайындаманы бірқалыпты жүріспен аралаңыз.
- Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
- Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.