Зарядтау процесі
- Желілік кернеуге назар аударыңыз! Ток көзінің кернеуі зарядтағыш құрылғының фирмалық тақтайшасындағы мәліметтерге сәйкес келуі керек.
- Зарядтау науасы мен аккумулятор контактілерінде қатты кірдің жоқ екенін тексеріңіз. Аккумулятордың толығымен қосылғанына көз жеткізіңіз.
Зарядтағыш құрылғының желілік ашасы розеткаға салынып, кемінде бір аккумулятор 14,4 В/18 В аккумуляторларына арналған зарядтау науасына (2) немесе 10,8 В/12 В аккумуляторларына арналған зарядтау науасына (1) салынғанда және/немесе зарядтау кабелі USB портына (4) салынғанда, зарядтау процесі басталады.
Зарядтау науасында (1)/(2) бұрын салынған аккумулятор бірінші зарядталады. Содан кейін соңғы салынған аккумулятор автоматты түрде зарядталады.
Аккумулятордың зарядталғанына не зарядталмағанына қарамастан, жалғанған сыртқы USB құрылғысы әрдайым зарядталады.
- Зарядтау процесі тек аккумулятор температурасы рұқсат етілген зарядтау температурасының ауқымында (0–45°C) болса қолжетімді.
Аккумулятордың зарядтау күйі интеллектуалды зарядтау процесі арқылы автоматты түрде анықталады және аккумулятор температурасы мен кернеуіне байланысты оңтайлы сыйымдылық тогымен зарядталады.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.
Үздіксіз немесе көп реттік зарядтаулардан соң зарядтау құралы қызып кетуі мүмкін. Бұл қауіпті емес және зарядтау құралында техникалық ақау барын білдірмейді.