Араластыру бойынша жұмыс нұсқаулары
- Материалдың шашырауын болдырмаңыз. Әйтпесе тайғанап, электр құралын бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін.
- Электр құралының төмен айналу жиілігімен ұзақ жұмыс істеуіне жол бермеңіз. Әйтпесе электр құралының қозғалтқышы қызып кетуі мүмкін.
Араластырғыш қондырманың таңдалуы араластырылатын өнімге байланысты.
Жабысқақтығы төмен араластырылатын өнімге арналған, мысалы, дисперсиялық бояулар, лак, желім, сүрткіш, цемент шламы үшін сол жақ спиральді араластырғыш қондырманы пайдаланыңыз. Сол жақ спиральді араластырғыш қондырманың көмегімен материал үстінен астына қарай беріледі. Араластырғыш қондырма жоғары қарай итеріледі. Жабысқақтығы төмен араластырылатын өнім шашырандысыз араластырылады.
Сылақ, бетон, цемент, тұтастырғыш, тегістегіш, эпоксидті шайыр сияқты жабысқақтығы жоғары араластырылатын материал үшін оң жақ спиральді араластырғыш қондырманы пайдаланыңыз. Оң жақ спиральді араластырғыш қондырманың көмегімен материал астынан жоғары қарай беріледі. Араластырғыш қондырма қоспаға кіргізіледі. Жабысқақтығы жоғары араластырылатын өнім оңтайлы түрде араластырылады.
Жұмыс кезінде электр құралын көтеріп түсіріңіз. Араластырғыш қондырманы пайдаланғаннан кейін тазалаңыз.
- Электр құралын қауіпсіз жерде сақтаңыз. Оның аударылмайтынына көз жеткізіңіз. Әйтпесе электр құралына зақым келуі мүмкін.