Араластырғыштар үшін қауіпсіздік нұсқаулары
- Аспаптарды екі қолмен арнайы тұтқаларынан ұстаңыз. Бақылауды жоғалту жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
- Жанатын материалдарды араластырған кезде қауіпті атмосфера жасалуының алдын алу үшін жетерлік желдетуді қамтамасыз етіңіз. Жасалған бу жұтылуы немесе электр құрал жасаған ұшқындар арқылы оталуы мүмкін.
- Азық-түліктерді араластырмаңыз. Электр құралдар мен олардың керек-жарақтары азық-түліктерді өндіруге арналмаған.
- Кабельді жұмыс аймағынан алыс ұстаңыз. Кабель араластырғыш кәрзенкесі орап кетуі мүмкін.
- Араластырғыш контейнер бекем және қауіпсіз күйде орнатылғанын қамтамасыз етіңіз. Жақсы бекітілмеген контейнер кездейсоқ жылжып кетуі мүмкін.
- Ешбір сұйықтық электр құралының корпусына шашырап кетпеуін қамтамасыз етіңіз.Электр құралына кірген сұйықтық зақымданып тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
- Араластырылатын материалдардың нұсқаулықтары мен ескертулерін орындаңыз.Араласатын материал зиянды болуы мүмкін.
- Егер электр құралдар араластырылатын материалға түссе, аспап ашасын дереу розеткадан шығарып электр құралды білікті жөндеу маманына көрсетіңіз.Аспап қосулы болып тұрғанда шелекке тию тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
- Араластырғыш контейнерге қол тигізбеңіз немесе араластырғанда ішіне ешқандай зат салмаңыз.Араластырғыш себетіне тию жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
- Аспапты тек қана араластырғыш контейнерде іске қосып өшіріңіз. Араластырғыш себет бақылаусыз күйде қисаюі немесе айналып кетуі мүмкін.
- Ешқандай жарылғыш материалдарды (мысалы, оңай тұтанатын еріткіштерді) өңдемеңіз. Электр құралдары бар буды тұтандыра алатын ұшқынды тудырады.
- Араластыратын материалдың қауіпсіздік төлқұжатындағы (ҚТҚ) нұсқауларды және ескертулерді орындаңыз. Араластыратын материал денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін.
- Электр құралын станинада пайдаланбаңыз. Электр құралын стационарлық әдіспен пайдалануға рұқсат етілмейді.